Экономика

21 қазан, 2015

Тіл-қатынастың маңызды құралы

Білім және ғылым министрлігі мен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ халықаралық «Болашақ» стипендиясының ресми әкіншісінің қолдауынен ТМД елдері арасындағы, Орталық Азиядағы ең үздік жоғары оқу орнының бірі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да бірінші рет шет тілдерін оқытатын орталық ашылды.

Университет ағылшын тілін үйрету үшін ҚазҰУ-да биология және биотехнология факультетінен аудиториялар бөлді.

Шет тілдерін оқытатын орталықтың (мектептің) ресми ашылу салтанатында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бірінші проректоры Мұхамбетқали Бүркітбаев, Қазақстанның білім беру саласында ағылшын тілін дамыту маңызды шаруалардың бірі екенін атап айтты. «Қазіргі таңда ғылыми мақалалардың, еңбектердің басым көпшілігі ағылшын тілінде жазылады. Осы мектепті ашу арқылы біз ғылым мен білім саласындағы бәсекеге қабілеттілікгі арттырып, Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың үш тілділік идеясын жүзеге асырамыз», - деді М.Бүркітбаев.

Өз кезегінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғани Нығыметов «Болашақ» бағдарламасы бойынша ағылшын тілін оқыту жүйесі айтарлықтай өзгергенін айтты. Бүгінде айлық оқыту курсының құны орта есеппен бір студентке 4,5 мың доллар, бұл шет елде тіл үйретуден біршама арзан. Ал шет тілді сыртта оқыту ай сайын бір студентке 10-15 мың доллар жұмсалатын. «Сапар алдында стипендиаттар жарты жыл көлемінде осы тіл оқыту мектебінде дәріс алады. Ал келесі жарты жылда тілді оқуға баратын елде үйрететін болады. Бұл курс академиялық бағдарлама бойынша оқуға түсетін стипендиаттарға арналған. Бағдарлама бойынша «Болашақ» стипендиаттары ғана емес, сонымен қатар ҚазҰУ студенттері мен оқытушылары да оқуға мүмкіндік алады», - деді Ғ.Нығыметов.

Тілдік және оқыту бағдарламалары білім беру саласындағы халықаралық британдық кеңеспен ұйымымен әріптестік негізінде дайындалады. Британдық кеңес директоры Энди Уильямс: «Біз өзіміздің тарапымыздан мұндай тілдік орталықтардың ашылуын толықтай қолдаймыз. Бүгінде ағылшын тілінде достық қарым-қатынастар мен мемлекеттер арасындағы жемісті халықаралық ынтымақтастық орнатылып жатыр. Қазақстан Президенті атап өткендей, ағылшын тілі 100 нақты қадам бойынша Қазақстанның болашақта сәтті дамуының бір бөлігі болады», - деді ағылшын дипломаты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ағылшын тілін үйретуді дамыту үшін белсенді іс-шаралар атқарылып келеді. Соңғы бес жылдың ішінде ЖОО факультеттерінде тек ағылшын тілінде сабақ оқытылатын топтар жұмыс жасайды. ҚазҰУ-ға Еуропа және АҚШ университеттерімен жасалған келісімшарт негізінде профессорлар келіп ағылшын тілінде түрлі дәрістер мен сабақтар өткізеді. Оқытудың бұл әдісі білім беру саласында үлкен сұранысқа ие болғандықтан, ҚазҰУ-дың халықаралық дәрежеде жоғары деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігінің дәлелі болса керек. Алдағы уақытта ҚазҰУ негізінде құрылған алғашқы тіл оқыту мектебі университеттегі тіл оқыту әдістерінің дамуына өз үлесін қосады.

Елдана ТОҚБАЙ, ҚазҰУ баспасөз қызметі