ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ – РЕКТОР ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ

9 маусым, 2024
  • Жансейіт Түймебаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың көшбасшылық дәрісіне қатысты.
  • ҚазҰУ ректоры Penn State университетінің халықаралық қызметінің академиялық бағытына жауапты Сабин Клэр бастаған делегациямен жүздесіп, кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.
  • Жансейіт Түймебаев күрделі жөндеуден өткен ҚазҰУ стадионының ашылу рәсіміне қатысты.
  • Оқу ордасының басшысы Токио табиғи дәрілік өсімдіктер қауымдастығының төрағасы Рюта Фудзимен кездесті.
  • Ректор дәрілік өсімдіктер және табиғи дәрілік заттарды зерттеу бойынша халықаралық конференцияда баяндама жасады.
  • ЖОО басшысы дәрілік өсімдіктер және табиғи дәрілік заттарды зерттеу конференциясына арнайы келген қытайлық ғалымдармен кездесіп, серіктестікті арттыру мәселелерін талқылады.
  • Жансейіт Қансейітұлы ғалым, Хьюстон университетінің профессоры, PhD  Шайкен Тәттіммен кездесу өткізді.
  • Ректор шетелден келген тіл мамандарымен кездесіп, түркологияның өзекті мәселелерін талқылап, парсы, араб, түркі тілдері бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде пікір алмасты.
  • Жансейіт Түймебаев заң факультетін 30 жыл бұрын бітірген түлектермен кездесті.