Ректор студенттерді ҚазҰУ-дағы соңғы өзгерістермен таныстырды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев философия және саясаттану факультетінің студенттерімен еркін форматта кездесіп, әңгімелесті.
Сұхбат барысында оқу ордасының басшысы университеттегі соңғы жаңалықтармен таныстырып, ҚазҰУ-дың әлемдік QS халықаралық рейтингінде 163-орынға көтерілгенін айтты.
Сондай-ақ білім ордасының ғылыми әлеуетін арттыру мақсатында «Фараби» заманауи обсерваториясы, Қытай-Қазақстан біріккен қашықтықтан зондтау зертханасы, Тұрақты даму мақсаттарының түрлі бағытын жүзеге асыруға арналған ғылыми зертханалар мен химия факультетінде «Farabi Chem Science» кластері ашылғанын атап өтті.
Кездесу соңында Жансейіт Түймебаев барлық жұмыстар мен бастамалар студенттердің игілігі үшін жасалып жатқанын баса айтты. Ректор жастарды сапалы білім алуға және ел болашағы үшін аянбай еңбек етуге шақырды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі