Түрген шатқалындағы экологиялық акция
                        11 маусым, 2024                    
                Оқу практикасы шеңберінде Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының бірінші курс студенттері Іле - Алатау ұлттық паркіне барды. Қоршаған ортаны қорғау күніне орай "Медвежий" сарқырамасына дейінгі жол бойында экологиялық шара өткізілді. Студенттер мен оқытушылардың күшімен саяхатшылардың бұрын қалдырған қоқыстары жиналды.
 
         
                                 
                                