Ректор Италия ғалымдарымен кездесті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев итальяндық ғалымдар, профессор Марко Чекарелли және Матео Руссомен кездесті.
Жүздесуде тараптар серіктестікті арттыру бойынша өзара пікір алмасып, ұсыныстарын жеткізді.
Оқу ордасының басшысы құрметті қонақтарды қарсы ала отырып, меймандарды алдағы уақытта ҚазҰУ ғалымдарымен бірлесіп жұмыс істеуге шақырды. «Қазіргі таңда жасанды интеллект, ІТ саласы қарқынды дамып келеді. ҚазҰУ-да білімді және түрлі бағытта тәжірибесі мол ғалымдар жетерлік. Болашақта барлығыңыз бірге жұмыс жасасаңыздар, үлкен нәтижелерге жетесіздер деп санаймын», – деді ректор.
Өз кезегінде Марко Чекарелли ілтипат білдіргені үшін ЖОО басшысына ризашылығын жеткізіп, көшбасшы университет зерттеушілерімен бірге жұмыс істеуге әрқашан дайын екенін айтты.
Тараптар кездесу соңында ынтымақтастықты дамытуға бағытталған барлық бастамаларды жүйелі түрде жүзеге асыруға уағдаласты.
Сонымен қатар Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ө.А.Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институтының ғалымдарымен жүздесті.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі