- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ-дың Халықаралық қатынастар факультетінде Ауғанстанның мәселелерін турала талқыланды
ҚазҰУ-дың Халықаралық қатынастар факультетінде Ауғанстанның мәселелерін турала талқыланды
2024 жылғы 10 Маусымда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінде Ауғанстан мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараны "өңірлік қатынастарды зерттеу" ғылыми-зерттеу орталығы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық ғылымды дамыту орталығымен бірлесіп ұйымдастырды.
"Ауғанстан және Орталық Азия елдері жаңа геосаяси және геоэкономикалық шындықта" атты дөңгелек үстел Ауғанстан, Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстан ғалымдары мен практиктерін біріктірді.
Ауғанстандағы жағдай мен оның Орталық Азияға әсері тұрақты мониторинг пен халықаралық ынтымақтастықты талап ететін өңірлік және жаһандық саясат үшін маңызды мәселелер болып қалатындығына байланысты Ауғанстан мен Орталық Азия елдері халықаралық қоғамдастықтың назарында қалып отырғанын атап өткен жөн.
Дөңгелек үстел жұмысына сараптамалық және ғылыми қоғамдастық өкілдері қатысты.
Конференция аясында сараптамалық талқылау мен пікірталастар өткізілді.
Бірінші сессияның модераторы халықаралық қатынастар факультетінің деканы Деловарова Лейла Федоровна болды.
Негізгі спикерлер:
Эсенов Олег Балыбегович, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы ғылымды дамыту халықаралық орталығының бас директорының орынбасары.
Акимбеков Султан Магрупович, Азия зерттеулер институтының директоры, Астана қ., Қазақстан.
Хасанов Улугбек Атабаевич, халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі, әлемдік экономика және дипломатия университеті Ташкент қ., Өзбекстан "Some Aspects of Contemporary radicalism in Central Asia".
Рамадан Башардост (Доктор.Ramazan Bashardost), тәуелсіз сарапшы, саясаткер, Кабул қаласы Ауғанстан. (онлайн)
Вахид Сукут (Wahid Sukoot), тәуелсіз журналист Кабул қ.,Ауғанстан. (онлайн) Шерали Ризоен, тәуелсіз зерттеуші, к. полит.н, Душанбе қ., Тәжікстан
Ауельбаев Болат Алимханович, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Азиялық зерттеулер бөлімінің бас сарапшысы "Ауғанстан: су-энергетика секторының мәселелері"
Екінші сессияның модераторы оқытушы Кошербаев Жан Дүйсенбекович баяндамалар жасады:
Исломхон Гафаров, Ауғанстан мен Оңтүстік Азияны зерттеу орталығының жетекші ғылыми қызметкері, УМЕД, Ташкент қ., Өзбекстан. "Ауған-пәкістан қатынастарының Орталық Азия аймағына әсері"
Байзакова Жулдуз Иртысовна, ҚазҰУ Халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы.әл-Фараби, Алматы қ. "Ауғанстанның солтүстігі проблемаларының Орталық Азия қауіпсіздігі саласындағы жағдайға әсері"
Дөңгелек үстелді қорытындылай келе, декан Л.Ф.Деловарова университеттер базасында жас ғалымдарды тарта отырып, Орталық Азия мен Ауғанстанның қауіпсіздік мәселелері бойынша сараптамалық талқылауларды дамыту қажеттігін атап өтті.