- Басты бет
- Жаңалықтар
- Экологтар күніне 1 курс студенттеріне Көлсай және Қайыңды көліне экотур ұйымдастырылды
Экологтар күніне 1 курс студенттеріне Көлсай және Қайыңды көліне экотур ұйымдастырылды
Экологтар күніне орай, табиғи-техногендік қауіп-қатерлер мамандығының 1 курс студенттеріне Көлсай және Қайыңды көліне экотур ұйымдастырылды. Көлсай жай ғана көл емес, өзінің адам қолы тимеген сұлулығымен және тыныштығымен әлемнің түкпір-түкпірінен туристерді тартатын нағыз табиғи оазис.
Көлсай және Қайыңды көліндегі экотуризмнің ең басты пайдасының бірі жаяу серуендеу және көлге жақын жерде аймақтың флорасы мен фаунасымен танысуға мүмкіндік беретін әртүрлі қиыншылықтағы көптеген соқпақтардан өту. Сонымен қатар, атқа міну, бұл көл аймағын зерттеудің және ұмытылмас тәжірибе алудың тамаша тәсілі.
Көлсай және Қайыңды көліне барған кезде қоршаған ортаны қорғаудың қарапайым экологиялық ережелерін сақтау керек. Бұл туралы студенттерге түсіндірілді. Ең алдымен, қоқыс тастамау, белгіленбеген жерлерде от жағуға болмайды, қызыл кітапқа енген өсімдік түрлері көп болғандықтан гүл термеу және улы жәндіктер басым болғандықтан жануарларды ұстамау және т.б. Экологиялық таза аймақта демалу жайлылық қана емес, табиғатқа деген жауапкершілік екенін есте сақтау қажет. Оған қамқорлық жасау арқылы оның сұлулығынан ләззат алу бастысы.