- Басты бет
- Арт орталық
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да дәрілік өсімдіктер және табиғи дәрілік заттарды зерттеу бойынша екікүндік халықаралық конференция өтті.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да дәрілік өсімдіктер және табиғи дәрілік заттарды зерттеу бойынша екікүндік халықаралық конференция өтті.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да дәрілік өсімдіктер және табиғи дәрілік заттарды зерттеу бойынша 6-7 маусым күндері халықаралық конференция өтті.
Іс-шараға ҚХР, Жапония, Өзбекстан, Португалия, Малайзия, Таиланд, Үндістан, Пәкістан, Оңтүстік Корея, Түркия, Кипр, Қырғызстан, Әзірбайжан ғалымдары мен сарапшылары шақырылды. Олар үшін университеттің мұражайлары мен кампусына экскурсия ұйымдастырылды. Шетелдік ғалымдар ҚазҰУ-дың Дәрілік өсімдіктердің ғылыми-зерттеу орталығының жұмысымен танысты.
Пленарлық лекциялар мен ғылыми қызу талқылаулардан кейін ҚазҰУ ұжымы мен конференция ұйымдастырушылары гала кеште мәртебелі шетелдік қонақтарға шапандар жауып, сыйлықтармен алмасты. Қонақтар АРТ-орталық дайындаған халық билері мен әндерін қамтыған концерттік бағдарламаның куәгерлері болды.