ТДМ 4 "Сапалы білім беру"

12 маусым, 2024

Физика техникалық факультетінің Плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасының ұйымдастыруымен ТДМ 4 "Сапалы білім беру" аясында Николай Коперник институтының профессоры Карваш Г. (Польша) университетіміздің ОПҚ мен білім алушыларына 10-11 маусым күндері дәріс оқыды.
Дәріс тақырыбы: "Мектеп пен университетте жаратылыстану пәндерін оқытудағы Конструктивизм және когнитивизм".
Сонымен қатар келесі тақырыптар бойынша семинарлар өткізілді: Қызғылт шам қандай түсті? Электромагнетизмді оқытудың интерактивті әдістері: Фарадей - Ленц принципі.
Өткен орны: физика-техникалық факультеті, 330 кабинет.