2024 жылдың 13 маусымында Филология факультетінде Қазақстан Халқы Ассамблеясының 25 сәуірде өткен «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясында Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының берген тапсырмасын іске асыру үшін «Жаңа Қазақстандағы реформаларды ілгерлетуге мен қандай үлес қоса аламын?» тақырыбында өзге ұлт өкілдері және профессор-оқытушыларының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелде еліміздің басына су тасқынына байланысты қиыншылық туған кезеңде Қазақстан халқы Ассамблеясы белсенді әрі үйлесімді жұмыс жасағандығын, бірегей азаматтық институт ретінде өзара құрмет пен сенімнің қоғамда орнығуында зор үлесі бар екендігі сөз етілді.
Іс-шараға филология факультетінің профессор-оқытушылары: Цыганова Валерия Алексеевна, Блавачинская Ирина Валерьевна, Бершина Надежда Васильевна, Қайырбек Меруерт, студенттер мен магистранттар қатысты.
Ұйымдастырушылар: Түркітану және тіл теориясы кафедрасы оқытушылары: Кудьярова Ш.Т., Картабаева А.А., Кайбулдаева А.З., Конырбекова Т.О.