2024 ж. 14 маусым сағат 12.00 Экономика және бизнес жоғары мектебінде Қазақстан Халқы Ассамблеясының 25 сәуірде өткен «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясында Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының берген тапсырмасын іске асыру аясында «Жаңа Қазақстандағы реформаларды ілгерлетуге мен қандай үлес қоса аламын?» тақырыбында өзге ұлт өкілдері (Қытай, Үнді, Ауған, Бангладеш) оқытушылар мен студенттердің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Мақсаты -Қазақстанның шетелдермен экономикалық, әлеуметтік-мәдени интеграциясының тұрақты дамуымызға әсерін бағалау болып табылды. Оқытушы И.У. Кулиев пен студент Ван Ижань жасаған баяндамалар қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.
Басқа жаңалықтар
17 қаңтар, 2025
16 қаңтар, 2025
15 қаңтар, 2025