ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ — РЕКТОРЫ ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ

16 маусым, 2024
  • Жансейіт Түймебаев Ғылыми кеңес отырысын өткізді. Жиында 2023/24 оқу жылының көктемгі семестрі емтихан сессиясының қорытындылары талқыланды.
  • Ректор итальяндық ғалымдар, профессор  Марко Чекарелли және  Матео Руссомен  жүздесті.
  • Жансейіт Қансейітұлы «Құқық –аймақтық экономикалық интеграцияның негізі ретінде» тақырыбындағы II Орталық Азия халықаралық құқықтық форумына қатысып, сөз сөйледі.
  • ҚазҰУ басшысы СИБУР корпоративтік университетінің жобаларды дамыту бойынша басшысы Александр Сесоровты қабылдады.
  • Жансейіт Түймебаев философия және саясаттану факультетінің студенттерімен еркін форматта кездесіп, әңгімелесті. Сұхбат барысында оқу ордасының басшысы университеттегі соңғы жаңалықтармен таныстырып, ҚазҰУ-дың әлемдік QS халықаралық рейтингінде 163-орынға көтерілгенін айтты.
  • ЖОО басшысы Сингапурдағы Akhter Studios компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді.
  • Оқу ордасының ректоры барша қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады.