Табиғи-техногендік қауіп-қатерлер оқу бағдарламасының 1 курс студенттерін геоморфология және геодинамика пәніне сәйкес өткізілген оқу тәжірибесі бойынша Шарын шатқалына жорық ұйымдастырылды.

17 маусым, 2024

      Шарын шатқалымен студенттер 5 шақырым жаяу жүріп отырып Шарын өзеніне дейін барды. 
   Шарын каньоны - бұл әртүрлi табиғи күштердiң ықпалымен миллиондаған жылдар iшiнде қалыптасқан қызықты ерекшелiктер кешенiмен көрінетін бiрегей геоморфологиялық құрылым.
    Миллиондаған жылдар бойы жел жартастарды өңдеп, ерекше пішіндер мен рельефтер жасады. Бұл каньонды «Долина замков» деп те атайды, өйткені жартастардан ортағасырлық бекіністердің сұлбаларын көруге болады. Шарынға барар жолда ең алдымен «Қара каньонның» ерекше сұлулығымен, бірегей флорасы мен фаунасымен танысып қайтты.
    Алайда, каньон - сақтауды қажет ететін осал экожүйе екенін естен шығармау керек. Қазіргі таңда тұрақты даму мақсаттарының бірі осы «Құрлық экожүйесін сақтау» болып табылады. Сондықтанда 1 курстар үшін  білу керек нәрсе, ол табиғаттағы мінез-құлық ережелерін сақтау, яғни ешқандай қоқыс қалдырмау, шатқалдағы жарлар, үңгірлер және беткейлердің құлауға бейім тұрған пішіндеріне кері әсер жасамау және сол арқыл осы таңғажайып орынды болашақ ұрпақ үшін сақтауға көмектесу.
    Шарын каньоны өзінің сұлулығына қарамастан, барған кезде ескерілуі тиіс белгілі бір табиғи қатерлері бар орын болып табылады: каньонда дайындалмаған туристер үшін қауіпті көптеген жарлар мен тік беткейлер бар.
    Шарын шатқалына бару арқылы студенттер жер бедерінің әртүрлі пішіндерінің қалыптасуын тек теория жүзінде оқып ғана қоймай, өз көздеріменде көріп, білімдерін нығайтып, әрі тамаша табиғат аясында жақсы демалыпта қайтты.