ҚазҰУ ғалымдары БҰҰ ның шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі Конвенциясының іс шарасында баяндама жасады

17 маусым, 2024

Жыл сайын 17 маусымда БҰҰ Бас Ассамблеясы 1994 жылы белгілеген бүкіл әлемде атап өтілетін Дүниежүзілік шөлейттену мен құрғақшылыққа қарсы күрес күніне (World Day to Combat Desertification and Drought) орай география және табиғатты пайдалану факультетінің ғалымдары БҰҰ-ның шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі Конвенциясының іс-шарасында баяндама жасады.

XCSS – CROSS COUNTRY SKIING SAND Француз қауымдастығының "Климат күте алмайды" жобасының «Qazaqstan 2024» үшінші сериясы аясында география және табиғатты пайдалану факультетінің деканы Алия Ақтымбаева, ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі деканның орынбасары Айна Рысмағамбетова және метеорология және гидрология кафедрасының докторанты Меруерт Махамбетова климат, су ресурстар және Қазақстан мен Орталық Азиядағы тұрақты даму мәселелері бойынша ғылыми нәтижелері бойынша баяндама жасады.

Шөлейттену және құрғақшылық күніне арналған іс-шараға сілтеме: https://www.unccd.int/events/desertification-drought-day/2023/events-around-world