ҚазҰУ-ға Хазар университетінің делегациясы келді

18 маусым, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма мүшесі – операциялық қызмет жөніндегі проректор Еркін Дүйсенов Әзірбайжандағы Хазар университетінің негізін қалаушы, Директорлар кеңесінің төрағасы Гамлет Исаев бастаған делегациямен кездесті.

Тараптар екіжақты қатынастардың перспективті бағыттарына айрықша мән берді.

Сонымен қатар мамандарды бірлесіп даярлауға, академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыруға, оқытушылардың біліктілігін арттыру бойынша әріптестікті жалғастыруға уағдаласты. Бұдан бөлек, бірлескен халықаралық конференциялар мен симпозиумдарды өткізу және қосдипломды білім беру бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде ұсыныстар жасалды.

Жүздесуде проректор Еркін Дүйсенов құрметті мейманға ҚазҰУ-дың жетістіктерін айтып, ғылыми инфрақұрылымымен таныстырды.

Өз кезегінде Гамлет Исаев ілтипат білдіргені үшін ЖОО басшылығына ризашылығын білдіріп, Хазар университеті мен ҚазҰУ арасындағы серіктестікті одан әрі  дамытуға ниетті екенін жеткізді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі