Қазақстан - еуропалық бірлестікке мүше
Лиссабон қаласында өткен Еуропаның ұлттық инженерлік қоғамының бас ассамблеясы «FEANI» отырысында, инженерлік білім беретін Қазақстандық ассоциация (KazSEE) жоғарыда аталған ұйымға толық құқылы мүше болып қабылданды. «KazSEE» Қазақстанда 2007 жылы құрылған болатын.
«KazSEE» қазақстандық инженерлік білім беру ассоциациясының президенті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов: «KazSEEn-дің «FEANI»-гe толық құқылы мүше болуы келесідей мүмкіндіктерге: жаратылыстану, инжиниринг және технология саласындағы мамандарға біліктілігін арттыруға, инженерлік карта (Engineering Card) мен еуропалық сертификат алуға, және де ең бастысы еуролалық инженерлер реестріне (EurEng) қосылуға жол ашады. Бұл отандық инженерлерге Еуро Одаққа мүше елдерде еркін жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді», - деді.
Қазақстандың инженерлік білім берудегі әлемдік қауымдастыққа қарай жасалған тағы бір нақты қадам, халықаралық сертефикаттарға ие инженерлік білім беруде жане зананауи техникалық мамандар дайындауда Елбасының «Қазақстан-2050» стратегаясын жүзеге асыруда оң нәтиже береді деп сенеміз.
1951 жылы құрылған «FEANI» қазіргі таңда Еуропадағы беделді кәсіби бірлестіктердің бірі. «FEANI» Дүниежүзілік Инженерлік Ұйындар Федерациясының (WFEO) негізін қалаушы ретінде еуропалық білім берудегі сарапшылармен ресми мойындалған. Оныи UNESCO-да, БҰҰ жанынан құрылған өндірісті дамыту жөніндегі ұйымда және Еуропа кеңесінде консультациялық беделі бар.
Кәсіби бірлестікке әр елден бір ғана ұйым мүше бола алады. Ол сол елдің барлық инженерлік бірлестіктерінің мүддесіне жұмыс жасауы шарт.
«FEANI» бүгінде 350-ге жуық ғылыми және инженерлік ұйымдарды, Еуропаның 32 елінен 4 млн. кәсіби инженерлерді біріктіріп отыр.Экономика