Гидролог студенттер Медеу шатқалында экологиялық акция ұйымдастырды

12 маусым, 2024

Бүгін "Гидрология" білім беру бағдарламасының студенттері далалық практика аясында Медеу шатқалына барды. Экскурсия барысында "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің селденқорғау имараттары және бақылау бекеттерінің жұмыс режимі таныстырылды. Бұл ұйымдастырылған шара болашақ гидрология мамандарына селден қорғау және табиғи қауіп-қатерді бақылау әдістері туралы тәжірибелік білім алуға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, Іле-Алатау ұлттық паркінің аумағында оқытушылардың жетекшілігімен студенттер "Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында қоқыс жинау акциясына белсене қатысты. Бұл бастама Тұрақты даму мақсаты №15 (ТДМ 15) – "Құрлық экожүйелерін сақтау" мақсатын жүзеге асыруға бағытталған. Акцияға қатысушылар табиғи аумақты қоқыстан тазарту үшін барынша күш жұмсады, экологиялық білім мен қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын көрсетті.

Біз табиғатты қорғаудың маңыздылығын көрсетіп, Қазақстанның таза және қауіпсіз болашағын құруға өз үлестерін қосып жүрген студенттерімізді мақтан тұтамыз.