VATEL қонақ үй менеджменті және туризм мектебімен (Франция) жұмыс кездесуі өтті

19 маусым, 2024

География және табиғатты пайдалану факультетінде VATEL бизнес мектептерінің Халықаралық даму директоры Алин Ренар Ванг ханыммен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесуде география және табиғатты пайдалану факультетінің деканы А.Ақтымбаева рекреациялық география және туризм кафедрасының қызметін таныстырды. Тараптар "Туризм және қонақжайлылық" бірлескен білім беру бағдарламасының әзірленіп жатқан негізгі оқу жоспары мәселелерін талқылады.

Бұл кездесуді ТДМ жүзеге асырады, соның ішінде ТДМ 4 - сапалы білім; ТДМ 8 - лайықты жұмыс және экономикалық өсу; ТДМ 17 - тұрақты даму мүддесіндегі әріптестік.