QS World University Rankings рейтингісі бойынша үздіктер қатарындағы Стэнфорд университетінің түлегімен кездесу

18 маусым, 2024

Стэнфорд университетінің жасушалық және молекулалық биология ғылымдарының докторы, PhD Нұрлыбек Мурсали QS World University Rankings 2024 рейтингінде үздік 5 университеттің бірі саналатын Стэнфорд университетінің түлегі.  Стэнфорд университетін тәмамдаған  Қазақстандық 3 түлектің бірі Нұрлыбек Мурсали биотехнология және фармацевтика ғалымдарына микроскопиялық бейнелеу мен талдауды жылдамдатуға көмектесетін Biodock компаниясының құрылтайшысы. Нұрлыбек Мурсали әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология факультетінің деканы, биология ғылымдарының докторы, профессор М.С. Курманбаевамен кездесіп, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ арасында ынтымақтастық орнатуды ұсынды, кездесу барысында WWW.BIODOCK.AI бағдарламасы көмегімен ғылыми жұмыстарды жүргізу талқыланды.

 

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz