ҚазҰУ мен Қытай университеті меморандумға қол қойды

20 маусым, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев Циндао Биньхай университетінің негізін қалаушы – президент Хан Фаньсимен кездесу өткізді.

Жүздесуде тараптар өзара серіктестік орнатып, жоғары білім мен ғылым саласындағы байланысты нығайтуға ниетті екенін растады.

Жансейіт Түймебаев құрметті қонаққа ҚазҰУ-дың жетістіктерін баяндады. Сондай-ақ өз сөзінде ректор білім ордасы Қытай ЖОО-ларымен тығыз қарым-қатынаста екеніне тоқталды.

Өз кезегінде Циндао Биньхай университетінің президенті Хан Фаньси жылы қарсы алып, ілтипат білдіргені үшін оқу ордасының басшылығына ризашылығын айтып, серіктестікті арттыруға бағытталған бірқатар ұсынысын ортаға салды.

Кездесу нәтижесінде қос университет басшылығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі