Халықаралық Жазғы мектептің ашылу салтанаты
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Шыңжаң университетінің (ҚХР) білім алушылары үшін география және табиғатты пайдалану факультеті ұйымдастырған «Қоршаған ортаны қорғау-2024» алғашқы Халықаралық жазғы мектебі басталды. Ашылу салтанаты барысында коммерцияландыру кеңсесінің басшысы Алмас Гаухар мен география және табиғатты пайдалану факультетінің деканы Алия Ақтымбаева бұл іс-шара идеялармен және үздік тәжірибелермен алмасу, сондай-ақ экологиялық білім беру және тұрақты даму саласындағы жаңа тәсілдер мен стратегияларды әзірлеу алаңына айналатынын атап өтіп, қатысушыларға Жазғы мектептің кәдесый өнімдерін табыс етті.
Халықаралық жазғы мектебі аясында Шыңжаң университетінің (ҚХР) білім алушылары университеттің жер және қоршаған орта туралы ғылымдар саласындағы ғылыми-инновациялық қызметімен танысты, 10 инновациялық зертхананы қамтитын "Тұрақты даму және табиғатты тиімді пайдалану" ғылыми орталығымен танысты.
Бұл іс-шара Сапалы білім беруді қамтамасыз ету (4-мақсат), тұтыну мен өндірістің тұрақты үлгілерін қамтамасыз ету (12-мақсат), таза су және санитария (6-Мақсат), климаттың өзгеруіне қарсы күрес (13-мақсат), құрлық экожүйелерін қорғау және қалпына келтіру (15-мақсат) және Тұрақты даму мүддесіндегі серіктестік (17-мақсат) мақсаттарын жүзеге асыруға ықпал етеді.