Адамдардың өмірінде Күн әрқашан маңызды рөл атқарды. Неге десеңіз, жаздық тоқырау күні біздің дәуірімізге дейін атала бастаған. Жазғы күн тоқырауы ежелден бері әртүрлі халықтардың мәдениетінде үлкен рөл атқарды. Бұл күнге сиқырлы мағына берілген. Биыл жазғы күн тоқырау күні 20 маусымға дәлме-дәл келеді.
Жер биосферасының пайда болуы және функционалды жұмыс жасауы тікелей Күн энергиясына байланысты және ол жалпы планетаның экологиясын анықтайды.
Биылғы жылдың ең ұзақ жарық күндерінің бірінде аль-Фараби ат. ҚазҰУ-ның Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының студенттері планетамыздың таңғажайып табиғат ескерткіші - Шарын шатқалына саяхаттап барды. Болашақ экологтар каньонның геологиялық құрылымымен және сол жердегі өте мұқият қарау мен қорғауды қажет ететін нәзік экожүйесімен танысты.