Макулатура жинау акциясы өтті

24 маусым, 2024

ҚазҰУ-да Дүние­жү­зілік қоршаған ортаны қорғау күні аясында KazNU For Paper Recycling макулату­ра­сын жинау акциясы ұйымдастырылды. 

Акцияның мақсаты жи­нал­ған қағаз қалдықтарын қайта өңдеу үшін мамандандырылған ұйымға жіберуді көздейді. Шара Тұрақты даму мақ­сат­та­ры­ның «Өндіріс және жауапты тұтыну» атты 12-ші бағытын іске асыруға арналған.

Аталған акция және оның атауының авторы – география және табиғатты пайдалану факультетінің Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедра­сы­ның студенті Анастасия Све­ренкова. Бастаманы «Эколо­гия», «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығының бірінші курс студенттері қолдады.

KazNU for Paper Recycling акциясына қатысушылар уни­вер­ситет қызметкерлері ара­сында үгіт-насихат жүргізіп, хабарландырулар іліп, қала­шық­тағы оқу ғимарат­тарында, жатақханаларда макулатура жинау нүктелерін белгіледі. Шара аяқталғаннан кейін жи­нал­ған қағаз қалдықтары қай­та өңдеу үшін мамандан­ды­рылған ұйымға жіберілді.

«Мен қағаз және басқа да ре­сурстарды немқұрайды пай­далану мәселесіне көптен бері алаңдаймын. Бұл акция тек бас­тамасы екеніне сенгім ке­леді. Дипломдық жұмысымды уни­верситеттің оқу кампу­сын­да қалдықтар мәселесін, оларды қайта өңдеу әдістерін және қалдықтардың санын азайту жолдарын зерттеуге арнадым. Осы зерттеу жұмысы аясында университет қалдық­тар­ды кәдеге жаратуға эколо­гия­лық таза тәсілді енгізу әдістеріне, сондай-ақ саналы тұтыну идеяларын таратудың негізгі көзіне үлгі бола алады деген қорытындыға келдім», – дейді жоба авторы, «Эколо­гия» мамандығының 4-курс студенті Анастасия Сверен­кова.

Акцияны ұйым­дас­ты­ру­шы­лар макулатура мен басқа да қалдықтарды жинау, экология бойынша білім беру бағдар­ла­маларын енгізу, қайталама ма­те­риалдарды пайдалану уни­верситеттің тұрақты даму стра­тегиясының бір бөлігі бола ала­тынына сенімді. Мұндай акция­ларды тұрақты тәжі­ри­беге айналдыру кампустағы қалдықтарды азайтуға ғана емес, сонымен қатар студент­тер мен қызметкерлер арасын­да­ғы экологиялық мәдениетті арттыруға көмектеседі. Әркім қоршаған ортаны қорғауға өз үлесін қоса алады.

Айнұр АҚЫНБАЕВА