Жас Қазақ

24 қазан, 2015

Білім мен білік

Лиссабонда (Португалия) еткен Еуропаның ұлттық инженерлік қоғамының бас Ассамблеясы FEANI отырысында, инженерлік білім беретін казақстандық Ассоциация (KazSEE) жоғарыда аталған ұйымға толық құқылы муше болып қабылданды. KazSEE біздің елде 2007 жылы кұрылған болатын.

KazSEE қазақстандық инженерлік білім беру ассоциациясының президенті, Әл Фарабиатындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов «KazSEE-нің FEANI-ге толық кұқылы мүше болуы келесідей мүмкіндіктерге: жаратылыстану, инжиниринг және технология саласындағы мамандарға біліктілігін арттыруға, инженерлік карта (Engineering Card) мен еуропалық сертификат алуға және де ең бастысы, еуропалық инженерлер реестріне (EurEng) қосылуға жол ашады. Бұл отандық инженерлерге Еуроодаққа мүше елдерде еркін жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді», - деді

KazSЕЕ-нің әлемдік инженерлік білім беру қауымдастығына қарай жасаған тағы бір нақты қадамы, Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыруда оң нәтиже береді деп сенеміз.

1951 жылы құрылған FEANI қазіргі таңда Еуропадағы белді кәсіби бірлестіктердің бірі. FEANI Дүниежүзілік Инженерлік Ұйымдар Федерациясының (WFEO) негізін қалаушы ретінде ресми мойындалған. Оның UNESCO-да, БҰҰ жанынан құрылған өндірісті дамыту жөніндегі ұйымда және Еуропа кеңесінде консультациялық беделі бар.

Кәсіби бірлестікке әр елден бір ғана ұйым мүше бола алады. Ол сол елдің барлық инженерлік бірлестіктерінің мүддесіне жұмыс жасауы шарт.

FEANI бүгінде Еуропаның 32 елінен 4 млн кәсіби инженерлер мен 350-ге жуық ғылыми инженерлік ұйымдарды біріктіріп отыр.