- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ өкілі «Су тұрақты даму үшін 2018-2028» халықаралық онжылдығы бойынша жоғары деңгейдегі үшінші халықаралық конференциясына қатысты
ҚазҰУ өкілі «Су тұрақты даму үшін 2018-2028» халықаралық онжылдығы бойынша жоғары деңгейдегі үшінші халықаралық конференциясына қатысты
2024 жылдың 10-13 маусымда Душанбе қаласында Метеорология және гидрология кафедрасының доценті т.ғ.к. Дускаев К.К. 2018-2028 жылдарға «Су тұрақты даму үшін» арналған Халықаралық іс-қимыл онжылдығы бойынша жоғары деңгейдегі үшінші халықаралық конференция шеңберінде ғылым және технология форумына қатысты.
Халықаралық іс-қимыл онжылдығы бойынша Душанбе Конференциясы "Су тұрақты даму үшін 2018-2028 жылдарға мақсаттарын іске асыруды қолдау жөніндегі БҰҰ-мен ынтымақтастықта Тәжікстан Республикасының Үкіметі екі жылда бір рет өткізетін конференциялар сериясының кезекті конференциясы.
Форум Халықаралық су шаруашылығы институтымен, Швейцарияның даму және ынтымақтастық агенттігімен, Тәжікстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының су проблемалары, гидроэнергетика және экология институтымен бірлесе отырып, USAID су ресурстары және қоршаған орта жөніндегі өңірлік жобасымен ұйымдастырылды.
Форум Орталық Азиядағы су мәселелерін шешу үшін ақпарат, озық тәжірибелер және зерттеу нәтижелерімен бөлісу үшін әлемнің түкпір-түкпірінен Академия өкілдерін, зерттеушілер мен ғалымдарды біріктіруге бағытталған.