- Басты бет
- Жаңалықтар
- Sai. Tech Global Corporation Өкілдері факультеттің инновациялық зертханаларымен танысты
Sai. Tech Global Corporation Өкілдері факультеттің инновациялық зертханаларымен танысты
География және табиғатты пайдалану факультетінің деканы А.С. Ақтымбаева Sai.Tech Global Corporation атты компаниясының негізін қалаушы және төрағасы Артур Ли бастаған кореялық Global Corporation өкілдерін қарсы алды.
Кездесуде география және табиғатты пайдалану факультетінің деканы А.С. Ақтымбаева «Тұрақты даму және табиғатты тиімді пайдалану» ғылыми орталығында, «Қашықтықтан зондтау және қолдану технологиясы» Қазақстан-Қытай зертханасында жүргізіліп жатқан факультеттің ғылыми-инновациялық қызметін және табиғатты пайдаланудың тұрақты әдістерін зерделеуге және әзірлеуге және климаттық өзгерістерге бейімделуге бағытталған ағымдағы зерттеу жұмыстарымен таныстырды.
Қонақтардың сапары барысында факультет базасында жазғы мектептен өтіп жатқан Шыңжаң университетінің білім алушылары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ туралы өз әсерлерімен бөлісті.
Бұл кездесу ТДМ жүзеге асырады, соның ішінде ТДМ 4 - сапалы білім; ТДМ 8 - лайықты жұмыс және экономикалық өсу; ТДМ 17 - тұрақты даму мүддесіндегі әріптестік.