«1-ші SSP-PE-2024» жазғы мектеп қатысушыларына арналған экскурсия өткізілд
2024 жылдың 22 және 23 маусымында География және табиғатты пайдалану факультетінің «Қоршаған ортаны қорғау – 2024» атты жазғы мектеп бағдарламасы аясында Шыңжаң университетінің (Үрімші, Қытай) қатысушыларына арналған Рекреациялық география және туризм кафедрасы ұйымдастырылуымен Алматы қаласы бойынша тақырыптық экскурсия және Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағына экскурсиялық саяхат өткізілді. Сенбі күні, 22 маусымда жазғы мектептің қатысушылары қаланың басты көрікті жерлерімен танысып, «Шымбұлақ» тау шаңғы базасына, «Медеу» спорт кешеніне, 28 Гвардияшы-Панфиловшылар атындағы саябағына, Көк базарға барып қайтты.
Саяхат барысында қатысушылар қаланың қысқаша тарихын тыңдап, негізгі туристік орындарды аралап көрді, аспалы жол арқылы асудың ең биік нүктесіне дейін барды, соңғы аялдама Көк базар болды. Жексенбі, 23 маусымда кәсіби гидтің көмегімен жазғы мектеп қатысушылары мен факультет қонақтары Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи саябағына табиғи-тарихи экскурсия жүргізілді, «Қамалдар алқабы» туристік орнымен және «Visit center Sharyn» орталығымен таныстыру жасалынды. Жалпы, жазғы мектеп қатысушыларына екі күндік экскурсия ұнады, олар Қазақстанның табиғи сұлулығына тәнті болып, Алматы туралы көптеген қызықты мәліметтер алды және университетіміздің экскурсиялық бағдарламасына оң баға берді.