Филология факультеті, Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының профессор-оқытушылық құрамы «Шетел филологиясы» мамандығына 2023-2024 оқу жылы келіп түскен Түркіменстан Республикасының азаматтарына Тұрақты даму мақсаттарының «Сапалы білім беру» тақырыбы аясында ағылшын тілін жетілдіру мақсатында маусым айы бойы күн сайын сабақтар өткізді. Бұл шараның мақсаты – түркімен қандас бауырларымызға ағылшын тілі бойынша білім көкжиектерін кеңейтуге, танымдарын тереңдетіп, біліктіліктерін жетілдіруге көмектесу.
Сабақтар барысында тіл үйрену процесі адамның биологиялық қасиеттеріне негізделген және қоршаған ортаны лингвистикалық ақпаратпен қамтамасыз ететіні негізге алынды. Лингвистикалық теорияның негізгі мақсаттарының бірі – тілдерді меңгерудің логикалық мәселелерін шешу екені белгілі. Олай болса, тілді меңгерудің еркіндігі, жылдамдығы және біркелкілігіне негізделген қызықты сабақтар бір ай бойы өткізілді. Сабақ барысында студенттер күрделі грамматиканы жылдам, әрі оңай қабылдауды үйренді.
Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы Байелі Ә.Ж.