- Басты бет
- Аккредитация және лицензиялау қызметі
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың медициналық білім беру бағдарламалары 5 жылға IAAR аккредитациясын алды
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың медициналық білім беру бағдарламалары 5 жылға IAAR аккредитациясын алды
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың медициналық білім беру бағдарламалары Аккредитеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі (IAAR) 5 жыл мерзімге аккредиттелгенін қуана хабарлаймыз. Бұл маңызды жетістік біздің университеттегі білім сапасының жоғары стандарттарын растайды. Аккредиттелген бағдарламалар:
- 6B10105 - Қоғамдық денсаулық
- 6B01401 - Дене шынықтыру және спорт
- 8D10102 - Медицина
- 8D10103 - Мейіргер ісі
Алынған аккредиттеу біздің білім беру бағдарламаларымыздың халықаралық талаптар мен стандарттарға атап айтқанда IAAR мүшесі болып табылатын Дүниежүзілік Медициналық Білім Федерациясының (WFME) стандарттарына сәйкестігін куәландырады. Бұл медицина және денсаулық сақтау саласындағы мамандарды даярлаудың жоғары деңгейінің кепілі болып табылады. Біз студенттеріміз үшін сапалы білім беруді жетілдіруге және қамтамасыз етуге ұмтылуды жалғастырамыз.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ факультетінің барлық құрамын, студенттері мен қызметкерлерін осы маңызды жетістігімен құттықтаймыз және білім беру бағдарламаларын дамыту мен жетілдіруде одан әрі табыс тілейміз!