Спорт және туризм академиясымен ынтымақтастық артады

1 шілде, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев Қазақ спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьяновпен кездесті.

Жүздесуде университет басшысы құрметті қонаққа ҚазҰУ-дың жетістіктері мен алдағы жоспарлары туралы ақпарат беріп, оқу ордасының ғылыми инфрақұрылымымен таныстырды.

Сұхбат барысында әріптестер серіктестікті арттыру бойынша пікір алмасты. Жансейіт Түймебаев академияны туризм саласы бойынша оқу ордасының география және табиғатты пайдалану факультетімен бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

Өз кезегінде Қазақ спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьянов ілтипат білдіргені үшін ҚазҰУ басшылығына ризашылығын жеткізіп, ынтымақтастықты арттыруға бағытталған бірқатар ұсынысын ортаға салды.

Тараптар болашақта бірлесіп жұмыс істеуге, ауқымды түрлі шараларды өткізуге уағдаласып, естелік сыйлықтармен алмасты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі