- Басты бет
- Жаңалықтар
- «ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ -2024» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАЗҒЫ МЕКТЕБІ. Картография және геоинформатика кафедрасы.
«ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ -2024» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАЗҒЫ МЕКТЕБІ. Картография және геоинформатика кафедрасы.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұйымдастырған "Қоршаған ортаны қорғау-2024" бірінші халықаралық жазғы мектебі аясында өткен іс-шара тұрақты даму мақсаттарына жетуге бағытталған маңызды қадам болды. «Alidada» компаниясының, «Геокурс» компаниясының, картография және геоинформатика кафедрасының қызметкерлері дәріс сабақтарың жүргізді. Дәріс сабақтарын "Alidada" және "Геокурс" компанияларының қызметкерлері, сондай-ақ картография және геоинформатика кафедрасының құрамынан ПОҚ өткізді. Қытай Халық Республикасының студенттеріне ыңғайлы болу үшін барлық дәрістер тек ағылшын тілінде өтті.
Төменде сабақтардың тақырыптары мен оларды өткізген дәріскерлер берілген:
27.06.2024
Дәріс "Жер құрылыстарының сейсмикалық мониторингі" - Қойшығарин Айбек, Trimble бренд-менеджері, "Геокурс" ЖШС өкілі;
Практикалық сабақ "Лазерлік сканерді, тахеметрді және GPS/ГНСС-қабылдағышты пайдалана отырып, геодезиялық өлшеудің геодезиялық әдістерінің дәлдігі мен тиімділігін зерттеу" - Қойшығарин Айбек, Trimble бренд-менеджері, "Геокурс"ЖШС өкілі.
Дәріс "Табиғатты пайдаланудағы ГАЖ басқару" - Асылбекова Айжан, PhD, доцент, картография және геоинформатика кафедрасының меңгерушісі;
Практикалық сабақ "Табиғатты пайдаланудағы ГАЖ" - Муқалиев Жандос, картография және геоинформатика кафедрасының PhD кандидаты.
Дәріс "Тұрақтылыққа спутниктік көздер: Балқаш көлі бассейніндегі құрғақшылықты бақылау" - Егізбаева Ассет, картография және геоинформатика кафедрасының PhD кандидаты.
28.06.2024
Дәріс "Геотехникалық деректерді басқаруға арналған Веб-қосымша" - Рахымбай Забира, картография және геоинформатика кафедрасының PhD кандидаты, "АлматыГеоЦентр" ЖШС операциялық директоры.
Дәріс "Табиғи ресурстарды визуализациялау және талдау үшін Web-GIS мүмкіндіктері" – Қырғызбай Құдайберген, PhD кандидаты, картография және геоинформатика кафедрасының оқытушысы; Ауғамбаев Қайрат, Ккартография және геоинформатика кафедрасының PhD студенті, оқытушысы.
Дәріс "Ауылшаруашылық жерлерін зерттеуде машиналық оқытуды қолдану"- Қырғызбай Құдайберген, PhD кандидаты, картография және геоинформатика кафедрасының оқытушысы; Ауғамбаев Қайрат, Ккартография және геоинформатика кафедрасының PhD студенті, оқытушысы.
Дәріс "Қашықтықтан зондтау және ГАЖ технологияларын қолдана отырып, қоршаған ортаны жан-жақты экологиялық зерттеу" - Қырғызбай Құдайберген, PhD кандидаты, картография және геоинформатика кафедрасының оқытушысы; Ауғамбаев Қайрат, Ккартография және геоинформатика кафедрасының PhD студенті, оқытушысы.
Шыңжаң университетінің студенттеріне арналған сабақтар сәтті және қызықты өтті. Осы мүмкіндіктің арқасында көрші елдерден, екі университеттің ұжымы мен білім алушылары арасында тәжірибе және білім алмасу жүргізілді.