ТД бойынша ЮНЕСКО кафедрасының түлектері – 2024
Бүгінгі күндері әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті өз студенттерін үлкен өмірге аттандырып жатыр. Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасында биылғы жылы 17 магистрант пен 11 бакалавр оқуларын тамамдап, жас маман атанды. Дайындық бағыттары бойынша: "Экология"-11 түлек, "Геоэкология және табиғатты пайдалануды басқару" - 3 түлек және "Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау" -14 түлек. 5 бакалавр «Үздік диплом» иегері болды.
Диплом табыстау рәсімі тек түлектер үшін ғана емес, олардың ата-аналары үшін де айырықша әрі есте қаларлық оқиға. Төрт жыл бойы балаларын қолдап, қамқорлық жасағандарын ескеріп, бакалавриаттың куратор-эдвайзері С. Ж. Ерекеева түлектердің ата-аналарына алғыс хаттар табыс етті.
Барлық түлектерімізді университетті табысты бітіруімен шын жүректен құттықтаймыз, кәсіби және өмірлік жолда сәттілік тілейміз!
Ақ жол, құрметті түлектер!