Астанада өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) саммиті аясында Құлпынай Дүйсенбай CCTV телеканалына сұхбат берді.

5 шілде, 2024

Шілде айының төртінші жұлдызында Астанада өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) саммиті аясында, отандастарымыз қазақ-қытай достығының елшісі атақты көз дәрігері Сәулебек Қабылбеков, ҚазҰУ Шығыстану факультетінің оқытушысы Құлпынай Дүйсенбай және Шығыстану факультетінің түлегі Айнур Сартова Қытай Халық Республикасының астанасы Бейжіңде CCTV телеканалына сұхбат берді. Қазақстан мен Қытай ежелден тату көрші, жақсы дос, әрі  мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптес-мемлекеттер екені белгілі. Бағдарлама барысында екі мемлекет арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас, мәдени алмасу, білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық жайында сөз қозғалады.