"Тұрақты даму және табиғатты тиімді пайдалану" ғылыми орталығы филиалының ашылуы

29 маусым, 2024

2024 жылдың 28 маусымында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемелекеттік университетенің (Орал қ.) базасында  BR 21882122 "Жасыл өсу аясында Батыс Қазақстан өңірінің табиғи-шаруашылық және әлеуметтік-экономикалық жүйелерін орнықты дамыту: кешенді талдау, тұжырымдама, болжамдық бағалау және сценарийлер" жобасының шеңберінде зерттеу тобының жұмыс кеңесі өтті. Бұл жұмыс кеңесіне метеорология және гидрология кафедрасының ғалымдары белсенді қатысты (проф. Чередниченко В. С., проф. Сальников В.Г., доцент Полякова С. Е., доцент Нысанбаева А. С.), сондай-ақ жас ғалымдар (докторант Мусралинова Г.Т.).

Жұмыс кеңесі барысында бағдарламаның барлық бағыттарының жартыжылдық есептері тыңдалды. Сондай-ақ, сапар барысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің "Тұрақты даму және табиғатты тиімді пайдалану" ғылыми орталығының филиалы ашылды, атап айтқанда GlobalSky зертханасы. Студенттік жатақхананың төбесінде МТР-5 метеорологиялық температура профилемері орнатылған, ол 1 км-ге дейінгі температура профилін өлшейді. М. Өтемісова атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің мамандарына метеорологиялық температуралық профилемер МТР-5-пен жұмыс жасау бойынша мастер-класс өткізілді.