ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ — РЕКТОРЫ ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ

7 шілде, 2024
  • Жансейіт Түймебаев Астанада өткен ШЫҰ университеттерінің «Жоғары білім беру және өндірісті интеграциялау саласындағы ынтымақтастық» атты халықаралық симпозиумына қатысып, баяндама жасады. 
  • Ректор «ШЫҰ-ға қатысушы елдердің жоғары білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастығы» атты кітаптың тұсаукесер рәсіміне қатысты. 
  • Симпозиум аясында ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев пен Сиань Цзяотун университетінің президенті Чжан Лицюнь студент алмасу бойынша келісімге қол қойды.
  • Оқу ордасының басшысы Сиань Цзяотун университетінің президенті Чжан Лицюнь бастаған делегациямен кездесті. 
  • Жансейіт Түймебаев ZTE корпорациясының аға вице-президенті Лю Цзяньмен жүздесіп, ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
  • Ректор Ислам ынтымақтастығы ұйымының Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі бас директоры Берік Арынмен кездесу өткізді. 
  • Жансейіт Қансейітұлы Қазақ спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьяновпен кездесіп, серіктестікті арттыру бойынша өзара пікір алмасты.
  • ЖОО басшысы ҚазҰУ-дың белсенді студенттерін және жастар ұйымдарының басшыларын қабылдады. 
  • Жансейіт Түймебаев университет ұжымы мен білім алушы жастарын Ұлттық Домбыра күнімен құттықтады.