ҚАЗҰУ – ҰЛТТЫҚ РЕЙТИНГТЕ КӨШБАСШЫ

10 шілде, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттік (IQAA Ranking) рейтингінде еліміздің көпсалалы жоғары оқу орындары санатындағы Қазақстанның бірінші және үздік университеті болып танылды.

Бұл рейтинг келесі сауалнамаларды қамтиды: «Академиялық қызмет және жұмысқа орналасу нәтижелері», «Сараптамалық бағалау», «Жұмыс берушілер алдындағы бедел», «Студенттерді бағалау», «Түлектерді бағалау». Барлық индикаторлар бойынша ең жоғары балл жинай отырып, ҚазҰУ университеттің білім және ғылым саласындағы көшбасшылардың бірі ретіндегі жоғары беделін тағы да растайды.

Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттік рейтингі (IQAA Ranking) қазақстандық жоғары оқу орындарына өз позицияларын анықтауға, білім беру қызметтерінің бәсекеге қабілеттілік деңгейін бағалауға, жоғары оқу орнының сапалы жұмысына жәрдемдесуге, ең бастысы – білім алушылардың көп санын тартуға және жұмыс берушілер үшін тартымдылық шеңберін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Қазақстандық жоғары оқу орындарын саралау қорытындылары ресми сайтта https://iqaa-ranking.kz/ жарияланды.

Национальный рейтинг ведущих многопрофильных вузов Казахстана - 2024. Итого (iqaa-ranking.kz)