Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ панахасына экскурсия
11 шілдеде Дүниежүзілік халық күні атап өтіледі. Бұл күн БҰҰ күнтізбесінде 1989 жылы БҰҰ Даму Бағдарламасының (БҰҰДБ) Басқарушылар кеңесінің бастамасымен пайда болды, 1987 жылы 11 шілдеде жер шарының халқы 5 миллиард адамнан асып түсті. Содан бері бұл мереке Халықаралық болып табылады және жыл сайын атап өтіледі.
Соған орай «6В11201-Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығының 1-курс студенттеріне университетіміздің Еңбек қорғау және Азаматтық қорғаныс бөлімінің мамандары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Төтенше жағдай орын алған кездегі қызметкерлер мен студенттерді қорғауға арналған панаханаға экскурсия жасалды. Қорғауға арналған панахана қазіргі заманға сай құрғылармен және желдеткіш құралдарымен, жатын орынмен, тамақтану, емдеу бөлімдерімен қамтамасыз етілген. Панаханың қорғау сенімділігіне қоршау құрылғыларының ете беріктігі, сондай-ақ қоршаған ортаның үстіңгі беті радиоактивті улағыш заттармен және бактериалдық құралдармен ластанған немесе жаппай өрт қаулаған жағдайда панахананың қауіпсіз тіршілігін қамтамасыз ететін санитарлық-гигиеналық жағдайларды жасау есебінен кол жеткізілген. Панахананың сыйымдылығы отыруға (бірінші яруста) және жатуға арналған (екінші және үшінші ярус). орындардың жиынымен қамтылған.