ҚазҰУ-дың виртуалды қабылдау комиссиясы күн сайын 50-ден аса өтініш қабылдайды

14 шілде, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2024 жылдың 1 маусымынан виртуалды қабылдау комиссиясы өз жұмысын бастады. Қашықтан жұмыс істеу бүгінде таңсық емес, әркім заманауи байланыс технологияларын оңай пайдалана алады.

ҚазҰУ-дың farabi.university.kz университет сайтында білім беру бағдарламалары, сондай-ақ факультеттер туралы толық ақпарат жарияланған. Әрбір талапкер факультетті оңай анықтай алады және сайт бетінде өзінің болашақ факультетінің техникалық хатшысының мәліметтерін, сондай-ақ Teams бағдарламасының сілтемесін тауып, оны басу арқылы техникалық хатшымен байланыса алады. Сонымен, күн сайын 50-ден аса онлайн өтініш қабылданады.

Магистратура мен докторантураға тапсырушылардың виртуалды комиссия қызметіне сұранысы аса жоғары, ал бакалавриат талапкерлері қабылдау комиссиясының нақты уақытын пайдалануда. Талапкерлер толық ақпараттан хабардар болып, керекті сұрақтарды қою арқылы құжаттарын көрсете алады. 2024 жылғы 13 шілдеден бастап мемлекеттік білім беру гранты конкурсына қатысуға құжаттарды қабылдаудың басталуына орай, ҚазҰУ-дың 16 факультетінің техникалық хатшылары құжаттарды онлайн форматта қабылдау үшін ашық.

Бүгін республика бойынша өтінімдер қабылдау басталды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да сапалы мемлекеттік қызмет көрсету үшін барлық жағдай жасалған. Факультеттердің техникалық хатшылығы виртуалды қабылдау комиссиясының алаңында онлайн жүйесінде сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі