Бітірушілерге диплом табыстау күні

12 шілде, 2024

Бүгін 12.07.2024. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Медицина және денсаулық сақтау факультетінің түлектеріне салтанатты түрде диплом тапсыру рәсімі өтті.
Денсаулық сақтау саясаты және ұйымдастыру кафедрасы білім берудің барлық деңгейлерінде (бакалавриат, магистратура және докторантура) мамандарды дайындап шығарды, олардың ішінде «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша 69 бакалавр, «Емдеу ісі» және «Денсаулық сақтау саласындағы менеджмент» мамандықтары бойынша 4 магистр, 3 түлек «Емдеу ісі» және «Мейірбике ісі» мамандықтары бойынша көптен күткен докторантура дипломдарын алды.
Магистратура мен докторантураның түлектеріне дипломдарды Медицина және денсаулық сақтау факультетінің деканы Сүндетғали Беркінұлы Қалмаханов, ал бакалавриат түлектеріне Денсаулық сақтау саясаты және ұйымдастыру кафедрасының меңгерушісі – Қапанова Гүлнар Жамбайқызы жоғары білім туралы дипломдарын табыс етті.
Түлектерімізді құттықтаймыз және олардың үлкен кәсіби өмірінде табыс тілейміз, соның ішінде докторантура бітірушілеріне жақын арада диссертацияларын сәтті қорғап, PhD дәрежесін алуларына тілектеспіз.