Евразия елдерінің бухгалтерлері мен аудиторларының Ыстық-Көл форумы

17 шілде, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Экономика және бизнес Жоғары мектебінің профессорлары  С.Б. Баймуханова мен Б.Б. Сұлтанова 2024 жылдың 1-4 шілде аралығында Қырғызстанда, Чолпон-Ата қаласында өткен Халықаралық ғылыми-теориялық және тәжірибелік конференцияға қатысты. Евразия елдерінің бухгалтерлері мен аудиторларының Ыстық-Көл форумының «Жаһанданудың сын қатерлері мен тәуекелдері және Еуразиялық экономикалық интеграцияның ілгерілеуіне ықпал ету тетіктері» атты конференция экономика ғылымдарының докторы, Алматы ғуманитарлық-экономикалық университетінің профессоры К.Т. Тайгашинованың 80-жылдық мерейтойына орай өткізілді. Конференция жұмысына Евразия елдерінің, соның ішінде Қазақстаннан көптеген ғалымдар қатысып, бухгалтерлік есеп, аудит және талдаудың өзекті мәселелерін талқылады.