Евразия елдерінің бухгалтерлері мен аудиторларының Ыстық-Көл форумы
![](/storage/news/18086804346697c52071640096681255_WhatsApp Image 2024-07-10 at 145506.jpeg)
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Экономика және бизнес Жоғары мектебінің профессорлары С.Б. Баймуханова мен Б.Б. Сұлтанова 2024 жылдың 1-4 шілде аралығында Қырғызстанда, Чолпон-Ата қаласында өткен Халықаралық ғылыми-теориялық және тәжірибелік конференцияға қатысты. Евразия елдерінің бухгалтерлері мен аудиторларының Ыстық-Көл форумының «Жаһанданудың сын қатерлері мен тәуекелдері және Еуразиялық экономикалық интеграцияның ілгерілеуіне ықпал ету тетіктері» атты конференция экономика ғылымдарының докторы, Алматы ғуманитарлық-экономикалық университетінің профессоры К.Т. Тайгашинованың 80-жылдық мерейтойына орай өткізілді. Конференция жұмысына Евразия елдерінің, соның ішінде Қазақстаннан көптеген ғалымдар қатысып, бухгалтерлік есеп, аудит және талдаудың өзекті мәселелерін талқылады.
Басқа жаңалықтар
![](/storage/news/2801870279669de8679bc1d452628194_4.jpg)
![](/storage/news/3143404026669a457ef1a67363282100_10.jpeg)
![](/storage/news/33871989506699f775bddfe215293067_(3).jpg)