ҚазҰУ-дағы МИФИ филиалы талапкерлерді шақырады

23 шілде, 2024

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасындағы МИФИ Ұлттық ядролық зерттеу университетінің филиалы «Элементар бөлшектер физикасы және космофизика» және «Қорғалған жоғары өнімді есептеу жүйелері мен технологиялары» мамандықтарына студенттерді қабылдауды жалғастыруда.

Екі жыл бұрын Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында «МИФИ» Ұлттық ядролық зерттеу университетінің филиалы ашылды. Талапкерлер өзекті саналатын ядролық физик және IT мамандықтарын игеруге бірегей мүмкіндік алды. Аталған екі бағыт МИФИ ҰЯЗУ мықты әрі ұлттық және халықаралық рейтингтерде жоғары орынға ие.

Оқыту жүйесін жоғары білікті, жан-жақты дамыған, сыни және талдамалық ойлау деңгейіне ие мамандарды даярлауға бағытталған мықты оқытушы-профессорлық құрам жүзеге асырады.

«Бөлшектер физикасы және космофизика» бағдарламасының түлектері бөлшектер детекторларын және көп ағынды деректерді жинау жүйелерін әзірлеу, үдеткіш және астрофизикалық эксперименттер жүргізу, нейтрино физикасы, астрофизика және космофизика және басқа да зерттеулер саласында білім мен дағдыларға ие болады.

«Қорғалған жоғары өнімді есептеу жүйелері» бакалавриатының және «Қорғалған жоғары өнімді есептеу жүйелері мен технологиялары» магистратурасының бағдарламалары электрондық-есептеу машиналарын (ЭЕМ), жүйелер мен желілерді, ақпаратты өңдеу мен басқарудың автоматтандырылған жүйелерін, автоматтандырылған жүйелердің бағдарламалық қамтамасыз етуін және басқалары бойынша білім нәрімен сусындайды.

Халықаралық үлгідегі Ресей дипломын алған жас мамандар халықаралық ғылыми ұйымға (CERN, БЯЗИ) немесе РосАтом, Қазатомөнеркәсіп, Самұрық-Қазына сияқты ұлттық компаниялардың біріне, Ұлттық банктерге (ҚР ҰЯО, ҚР ЯФИ, ФИАН), сондай-ақ білім беру бағдарламасының бейіні бойынша коммерциялық компанияларға жұмысқа орналаса алады.

Оқыту бюджеттік (қазақстандық грант) және ақылы негізде өтеді. Оқуға түсудің шектік балы: бакалавриатқа 100 балдың кемінде 40, магистратураға 100 балдың кемінде 80 балын иелену керек. Қабылдау емтиханының формасы бакалавриатта жазбаша емтихан, магистратураға әңгімелесу негізінде жүзеге асады. ҰБТ нәтижелері есепке алынбайды.

Бакалавриатқа құжаттарды қабылдау 19 тамызға дейін жалғасады. Аталған бағыт бойынша 2024 жылдың 30 шілдесі мен 20 тамызында математика, ал физика бойынша 1 тамыз, 22 тамызда ехтихандар өтеді. Магистратураға  құжаттар ағымдағы жылдың 18 тамызына дейін қабылданады, емтихандар 5-20 тамыз аралығында өтеді.

Барлық сұрақтар бойынша төмендегі байланыс нөміріне хабарласуға болады: + 7 701 228 00 82. Сайт: https://almaty.mephi.ru/

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі