ҚазҰУ отбасы - «Мерейлі отбасы-2024» жеңімпазы

26 шілде, 2024

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультетінің Меркібаевтар әулеті «Мерейлі отбасы-2024» ұлттық байқауына қатысып, Алматы қаласының Жетісу ауданынан жүлделі 1 орынды иеленді. Жеңімпаздарға 400 мың теңге ақшалай сыйлық пен грамота табысталды.

«Мерейлі отбасы-2024» ұлттық байқауының негізгі мақсаты адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің жағымды үлгісін дәріптеуге, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.

«Алматы қаласының әкімдігі мен «Жанашыр» қорының ұйымдастыруымен өткен байқауға алғаш рет қатысып жеңімпаз атандық, өте қуаныштымыз! Байқау да өте қызықты өтті, бізге арналған концерттік бағдарлама да өте тамаша. Елімізде бақытты отбасы көбейе берсін! Мерейлі отбасы байқауының барша ұйымдастырушыларына алғысымыз шексіз», - дейді байқау жеңімпазы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы Төлеген Меркібаев.

Жыл сайынғы дәстүрге айналған жарыс биыл он бірінші рет өткізіліп жатыр. Алматы қаласының аудандық кезеңіндегі сайысқа 30-дан астам әулет қатысып, бақ сынасқан. Ұйымдастырушылардың пікірінше, байқауға өтінім білдіретіндердің қатары жылдан-жылға көбейіп келеді.

Байқау жеңімпаздарын құттықтай отырып, олардың шаңырақтарына шаттық пен құт-береке тілейміз! 

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі