Сайлаубек Ақгүлім АҚШ-тағы ғылыми тағылымдамасын сәтті аяқтады!

5 шілде, 2024

Кафедрамыздың екінші курс докторанты Сайлаубек Ақгүлім 2024 жылғы 01-30 маусым аралығында АҚШ-тың Небраска штаты, Линкольн қаласында ғылыми тағылымдамадан өтті.

Тағылымдама барысында Ақгүлім өз саласындағы жетекші шетелдік мамандардан: профессор Даниэль Сноу мен доктор Тиртханкар Ройдан құнды кеңестер алды. Су тасқыны ағындысын бағалау саласындағы әлемдік тәжірибемен танысып, ғылыми әдебиеттердің ауқымды дүниежүзілік базасына қол жеткізді.

Ақгүлім "HyMOD" концептуалды гидрологиялық моделін зерттеуге және оны өзендердің ағындысын бағалау мақсатында, атап айтқанда оның жұмысында зерттелетін су объектілері үшін практикалық қолдануға ерекше назар аударды. 

Шетелдік тағылымдама Ақгүлімнің ғылыми көкжиегін кеңейтуге, диссертациялық зерттеу тақырыбы бойынша өз білімін тереңдетуге, жетекші шетелдік ғалымдардан құнды кеңестер алуға мүмкіндік берді.

Ақгүлімді тағылымдаманың сәтті аяқталуымен шын жүректен құттықтаймыз! Оған ғылыми қызметте одан әрі табыс және жаңа кәсіби жетістіктер тілейміз!