ҚазҰУ түлегі Елдос Сметов – Париж Олимпиадасының чемпионы

27 шілде, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі, дзюдодан Қазақстан командасының белді мүшесі Елдос Сметов Париж Олимпиадасының чемпионы атанды.

Бұл - еліміздің осы әлемдік додадағы алғашқы алтын медалі.

Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Елдос Сметов финалда франциялық Лука Мхеидземен күресіп, жеңіске жетті.

Іріктеу кезеңінде Торнике Чкадуаны (Нидерланд), Дильшот Халматовты (Украина), ширек финалда Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Янг Ю Вейден (Тайпей) басым түсті.

Жартылай финалда әлем чемпионы, Еуропа чемпионатының 3 дүркін жеңімпазы Франсиско Гарригосты тізе бүктірді.

Бұған дейін ол 2016 жылы Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, 2021 жылы Токио Олимпиадасында қола жүлдегер атанған.

Елдос Сметов - Әл-Фараби атындағыҚазҰУ-дың биология және биотехнология факультетінің «Дене шынықтыру жіәне спорт» мамандығын бітірген.

Барша қазақстандықтардың мерейінасқақтатқан шебер дзюдошы Елдос Сметовты абыройлы жеңісімен құттықтаймыз!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі