- Басты бет
- Жаңалықтар
- "География және су қауіпсіздігі институты" АҚ Басқарма төрағасы Медеу Ахметқал Рахметуллаұлы бастаған экспедиция ҚР ІІМ ТЖК "ҚАЗСЕЛДЕНҚОРҒАУ" ММ командасымен бірлесіп мұздықтар мен биік таулы көлдерге мониторинг жүргізді.
"География және су қауіпсіздігі институты" АҚ Басқарма төрағасы Медеу Ахметқал Рахметуллаұлы бастаған экспедиция ҚР ІІМ ТЖК "ҚАЗСЕЛДЕНҚОРҒАУ" ММ командасымен бірлесіп мұздықтар мен биік таулы көлдерге мониторинг жүргізді.
"География және су қауіпсіздігі институты" АҚ Басқарма төрағасы, география ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі, география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының профессоры Медеу Ахметқал Рахметуллаұлы бастаған экспедиция ҚР ІІМ ТЖК "ҚАЗСЕЛДЕНҚОРҒАУ" ММ командасымен бірлесіп мұздықтар мен биік таулы көлдерге мониторинг жүргізді. Экспедиция құрамына әл - Фараби атындағы ҚазҰУ-дың "8D05202-География" білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын 3 курс докторанты Камалбекова Айдана да қатысты.
Экспедиция жетекшісінің айтуынша, Түрген өзенінің жоғарғы ағысында орналасқан N2 биік таулы көл селдің пайда болу ықтималдығы жағынан қауіпті. Сел қаупі көл су қоймасының, оның жағалауының жағдайымен және қазіргі мореналық шөгінділерді игеру аймағында болып жатқан процестермен анықталады.
"Біз біркелкі емес, террасса тәрізді беткейлер мен бұзылуларды байқап отырмыз, бұл термиялық көшкін процестерінің дамуын көрсетеді. Көл мұздықтың белсенді еруі нәтижесінде пайда болды, оның көлемі шамамен 600 мың текше метрді құрайды. Институт сифондық әдіспен су қоймасының деңгейін төмендету бойынша мониторинг және алдын алу шараларын жүргізеді», - деп атап өтті экспедиция жетекшісі.
Сондай-ақ, ол көл мен мұздық тұрақты бақылауда екенін, ірі жарықтар мен мұздықтың көлге жартылай опырылғанына қарамастан, жағдай бақылауда екенін атап көрсетті. Дегенмен, жер сілкінісі сияқты төтенше жағдайлар кезінде сел ағындарының пайда болу мүмкіндігі бар.
Экспедиция мен өткізілген іс-шаралар биік таулы аймақтардағы табиғи апаттарға байланысты қауіптердің алдын алу және азайту үшін маңызды болып табылады.