Әл-Фараби Бизнес Мектебі мен Бейжің AEEC институты әріптес болды
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Әл-Фараби Бизнес мектебі мен The Beijing International Institute of Asia-Europe Education and Culture (AEEC) Бейжің білім беру ұйымының өкілдері кездесті. Жүздесуде Қазақстан мен Қытай арасындағы кәсіпкерлік білім беру мен мәдени алмасу саласындағы ынтымақтастықты нығайту мәскелелері талқыланды.
AEEC - Қытайдың білім беру және мәдени саласындағы жетекші ұйым. Институт Азия мен Еуропа елдері арасындағы білім беру бағдарламаларын және мәдени алмасуды дамыту бағытында қызмет етеді. Ұйымның мақсаты әртүрлі мәдениет пен білім беру жүйелері арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты күшейту болып табылады.
Кездесу барысында оқытушылар мен студенттер алмасу бағдарламасы, бірлескен білім беру жобалары сынды мәселелер қарасытырылды. Қытай делегациясының өкілдері серіктестікті нығайтуға қызығушылық танытып, білім беру сапасын арттыру үшін мәдени алмасудың маңыздылығын атап өтті.
Институт директоры, профессор Яо Бо: «ҚазҰУ Бизнес мектебімен ынтымақтастығымыз – екі ел арасындағы білім беру мен мәдени байланысты нығайтудағы маңызды қадам. Біз өзара бірлескен жобалар үлкен нәтижеге жеткізетініне және екі ел арасындағы бизнестің дамуына ықпал ететініне сенімдіміз», - деді.
Жүздесу соңында тараптар бірлескен білім беру бағдарламаларын дамытуға, ғылыми зерттеулер жариялау, халықаралық іскерлік конференциялар, семинарлар ұйымдастыруды көздейтін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Аталған кездесу Қазақстан-Қытай арасындағы білім беру және мәдени байланыстарды нығайтуға ұмтылысын айқындап, білім алушылар мен оқытушыларға және тұтастай қоғамға үлкен пайда әкелмек.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі