Психологиядан XVI Республикалық студенттік пәндік олимпиада

2024 жылдың 17 мамырында Астана қаласындағы Мақсұт Нәрікбаев университетінде (MNU) психология бойынша XVI Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті.
Оған Қазақстанның әр өңірінен 11 жоғары оқу орны қатысты.
Олимпиада үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңген кейін республиканың жоғары оқу орындарының 33 үміткерінің ішінен екінші кезеңге 11 адам, үшінші кезеңге тек 6 үміткер өтті.
Олимпиада қорытындысы бойынша Дина Абдамова көш бастап, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды 2-орынға жеткізді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды 2-орынға жеткізді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттер тобының ғылыми жетекшілері – психол.ғ.к. Кудайбергенова Сандугаш Кансаровна және пед.ғ.к., доцент Садуакасова Зухра Маратовна.
Іс-шара ТДМ 3 «Денсаулық және әл-ауқат» жүзеге асырады.
Олимпиаданың үш кезеңі:
- Психологиядағы компьютерлік тестілеу;
- Кейс есептерін шешу;
- Психологиялық пікірталас.
Олимпиада қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:
- 1 орын: Казбекова Ляйкен (Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университеті)
- 2 орын: Абдамова Дина Абдурахимовна (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ); Райхан Мәриям Бауыржанқызы (MNU),
- 3 орын: Бекмұха Манура Манасбекқызы (Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті), Литвинова Анастасия Игоревна (А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті), Анепкина Мария Дмитриевна (М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті)
Студенттер Республикалық пәндік олимпиадада жоғары білім, біліктілік және психологиялық құзыреттіліктерін көрсете отырып, өз университеттерін республикалық деңгейде лайықты таныстырды.
Басқа жаңалықтар

