ZTE корпорациясы мамандарына кампус-тур ұйымдастырылды
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Farabi HUB» орталығында өз кеңселерін ашқан Қытайдың ZTE корпорациясының өкілдері үшін арнайы кампус-тур ұйымдастырылды.
https://youtu.be/IOOshLb77sU?si=BUNtMRbGGt2qHR4B
Қонақтар ҚазҰУ-дағы Солтүстік-Батыс политехникалық университетінің филиалы, «5G/5.5G коммуникациялық технологиялар» зертханасы, құрамына 9 ғылыми зертхана кіретін «Farabi Chem Science» кластері, «Қашықтан зондтау технологиясы және қолдану» қазақ-қытай бірлескен зертханасын аралап, ғалымдармен кездесті.
Сонымен қатар қонақтар қалашықтағы «Хан-Тенгри» футбол алаңында болып, Farabi обсерваториясы мен Әл-Фараби кітапханасының жұмысымен танысты.
ZTE компаниясы 1985 жылы Қытайдың Шэньчжэнь қаласында құрылған. Бүгінгі таңда әлемнің көптеген елінде компанияның зерттеу орталықтары жұмыс істейді. Компания Оңтүстік Азия, Солтүстік Америка, Еуропа, Латын Америкасы, Африка және ТМД-дағы 500-ден астам байланыс операторларына қызмет көрсетеді.
Бүгінде ҚазҰУ мен ZTE корпорациясы цифрлық трансформация, инновациялық технологиялар саласында бірлесіп жұмыс атқаруда. Екіжақты меморандум аясында алдағы уақытта университет базасында ҚазҰУ мен ZTE корпорациясының бірлескен инновациялық орталығы ашылады. Бұл орталықты ZTE корпорациясы заманауи телекоммуникациялық құрал-жабдықтармен және қажетті қондырғылармен қамтамасыз ететін болады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі