АҚЫЛЫ ОҚУҒА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА

6 тамыз, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті талапкерлерден ақылы бөлімге оқуға түсуге құжаттар қабылдауда.

Қажетті құжаттар тізімі (бакалавриат):

* Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқа);

* Жеке куәлік (түпнұсқа және көшірме – 2 дана);

* ҰБТ сертификаты certificate.testcenter.kz;

* Жеңілдіктер мен квоталарды растайтын сертификаттар (түпнұсқа және көшірме);

* Фото 3х4 – 6 дана;

* 063/У нысанындағы медициналық анықтама (көшірмесі);

* 075/У нысаны бойынша медициналық анықтама;

* Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат (болған жағдайда);

* Шығармашылық / арнайы емтихан ведомостынан үзінді (болған жағдайда);

* Білім беру гранты туралы куәлік grant.testcenter.kz (болған жағдайда);

* Оқу ақысының 50 % төленгені туралы түбіртек (ақылы оқуға).

 Құжаттар 2024 жылдың 25 тамызына дейін қабылданады.

Өтініш беруші кәмелетке толмаған жағдайда міндетті түрде заңды өкілдің (ата-анасының біреуі / заңды қамқоршысы немесе сенімхат бойынша) қатысуы қажет.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі